Аса ауыр салмақтағы боксшы Иван Дычко 15-орыннан 10-орынға жоғарылады.
ERNUR.KZ. Бүкіләлемдік бокс ассоциациясы (WBA) барлық салмақтағы былғары қолғап шеберлерінің жаңартылған рейтинг нұсқасын жариялады, деп жазады ҚазАқпарат.
Аса ауыр салмақтағы боксшы Иван Дычко 15-орыннан 10-орынға жоғарылады.
Айта кетсек, өткен айда Иван Дычко аргентиналық Ариэль Бракамонтемен жекпе-жегінде қарсыласын екінші раундта нокаутқа түсірді. Нәтижесінде WBA Fedecaribe аймақтық белбеуіне ие болды.
Аталған салмақта Жан Кособуцкий екі сатыға төмендеп, 14-орынға жайғасты.
Бірінші ауыр салмақ дивизионында Серик Мусәділов 15-орнын сақтап қалса, екінші орта салмақта Бек Нұрмағанбет сегізінші орыннан тоғызыншыға төмендеді.
Екінші жартылай жеңіл салмақта Сұлтан Зәуірбек оныншы орында тұрақтаса, Евгений Павлов бір сатыға жоғарылап, бесінші орынға табан тіреді.
Еске салсақ, бұдан бұрын Махмұт Сабырхан Астанадағы Elorda Cup турнирінің финалына шықты.