Қазақстандық боксшылар жастар арасындағы әлем чемпионатында үш алтын жеңіп алды

0
345

Бұдан кейін ел құрамасынан Санжарәлі Бегалиев (75 келі) өзбекстандық Джафарбек Шахбазовпен қолғап түйістірді.


Қазақстандық боксшылар жастар арасындағы әлем чемпионатында үш алтын жеңіп алды

ERNUR.KZ. Черногорияның Будва қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық боксшылар үш алтын иеленді, деп жазады Stan.kz.


67 келі салмақ дәрежесінде Төрехан Сабырхан финалдық кездесуде кубалық Дэвид Мануэль Эспиноса Сантояны жеңді.


Сайыстың ширек финалында отандасымыз өзбекстандық Акбар Ахмадовты, черногориялық Милош Роганович пен ауғанстандық Самир Хамдамды тізе бүктірді. Ал жартылай финалда қытайлық боксшыны жеңіп кеткен.

Бұдан кейін ел құрамасынан Санжарәлі Бегалиев (75 келі) өзбекстандық Джафарбек Шахбазовпен қолғап түйістірді. Жекпе-жек барысында қарсыласын айқын басымдықпен тізе бүктірді.

Ал 81 келі салмақта Аружан Зейноллаева өзбекстандық Рухшона Парпиевамен рингке шығып, төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңіске жетті.