Қазақстандық каратэшілер Азия чемпионатында 9 алтын жеңіп алды

0
204

Таиланд астанасы Бангкокта 8-10 қарашада Қазақстан ұлттық құрамасы қатысқан шинкиокушинкай каратэсінен 19-шы Азия чемпионаты өтті.


Қазақстандық каратэшілер Азия чемпионатында 9 алтын жеңіп алды

Фото: Алматы әкімдігі

ERNUR.KZ. Қазақстан ұлттық құрамасы Бангкок қаласында өткен Азия чемпионатында 9 алтынға қол жеткізіп, әлем чемпионатына 10 жолдама иеленді, деп жазады inform.kz.

Таиланд астанасы Бангкокта 8-10 қарашада Қазақстан ұлттық құрамасы қатысқан шинкиокушинкай каратэсінен 19-шы Азия чемпионаты өтті. Турнирге барлығы 22 елдің өкілдері қатысты. Қазақстан ұлттық құрамасы, 10 марапат жиынтығынан 9 алтын, 1 күміс және 8 қола медальды жеңіп алды.

Чемпионат қорытындысы бойынша біздің құрамаға 2025 жылы Токиода (Жапония) өтетін әлем чемпионатына қатысу үшін 10 лицензия берілді.

Жалпыкомандалық есепте Қазақстан құрама командасы тұғырдың ең жоғары сатысына жайғасты. Ал екінші орында Қытай құрамасы болса, Таиланд командасы үшінші орынды қанағат тұттты.