Магомед Адиевтің жаттықтыруымен "Шахтер" командасы ел біріншілігінде жетінші орын алдыү Сонымен қатар қарағандылық команда Конференция лигасының плей-офф және Қазақстан кубогінің финалына шықты.
ERNUR.KZ. Қарағандылық "Шахтер" командасының футболшылары бес ай бойы жалақы ала алмай келеді, деп жазады vesti.kz.
Ақпарат көзінің жазуынша, жыл соңында футболшылар команда басшыларынан жалақыға байланысты сенімхат алған. Бірақ бұл сенімхаттың уақыты 20 ақпанда өтіп кеткен.
Енді бейресми ақпарат бойынша, команданың бірнеше футболшысы Қазақстан чемпионатының бірінші кездесуіне байкот жариялауға ниетті.
Еске салайық, өткен маусымда Магомед Адиевтің жаттықтыруымен "Шахтер" командасы ел біріншілігінде жетінші орын алды. Сонымен қатар қарағандылық команда Конференция лигасының плей-офф және Қазақстан кубогінің финалына шықты.