Қазақстандық мерген әлем кубогының қола жүлдегері атанды

0
666

Қазақстандық мерген сайыста 261.2 ұпай жинаған.


Қазақстандық мерген әлем кубогының қола жүлдегері атанды

ERNUR.KZ. Қазақстандық мерген Александра Ле Үндістанның Бхопал қаласында өтіп жатқан нысана көздеуден жүлдеге ие болды, деп жазады stan.kz.

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, Александра Ле әлем кубогының кезеңінде 10 метрден пневматикалық винтовкамен оқ атудан жүлде алды.

Қазақстандық мерген сайыста 261.2 ұпай жинаған.

Мадхья-Прадеш штатындағы бұл жарысқа әлемнің 31 елінен 208 таңдаулы спортшы жиналды. Бұл қатарда 18 қазақстандық бар. Әлем кубогының кезеңі 27 наурызда аяқталады.