Қазақстан құрамасы сапында 13 дзюдошы (төртеуі әйел, тоғызы ер адам) қатысты.
фото:sports24.kz
ERNUR.KZ. Дзюдодан Қазақстан құрамасының өкілі Назгүл Маратова Абу-Дабиде (БАӘ) өткен дзюдодан Grand Slam турнирінде үшінші болды, деп жазады tengrinews.kz.
Жексенбі, 13 қазанда спортшы 78 келіден жоғары салмақ дәрежесінде қола жүлдені жеңіп алды. Үшінші орын үшін тартыста ол үш рет ескерту алған ресейлік Анастасия Холодилинадан басым болды.
Бұл салмақта қазақстандық Карина Такиева да қола жүлдені сарапқа салды. Алайда ол хорватиялық Хелена Вуковичтен жеңіліп қалды.
Қазақстан құрамасы сапында 13 дзюдошы (төртеуі әйел, тоғызы ер адам) қатысты.