Қазақстандық шаңғышылардың жарысын әлемдік БАҚ күлкі қылды

0
2 232

Щучинскіде өткен жарыста қатысушылардың оғаш құлауы басылым тілшілеріне күлкілі көрінген.


Қазақстандық шаңғышылардың жарысын әлемдік БАҚ күлкі қылды

ERNUR.KZ. Eurosport спорт сайты шаңғыдан Қазақстан Кубогі кезеңіндегі спринтерлік жарысты "керемет сандырақ" деп сипаттады, деп жазады Tengrinews.kz.

Щучинскіде өткен жарыста қатысушылардың оғаш құлауы басылым тілшілеріне күлкілі көрінген.

"Ерлер финалдың сөресіне шығып, адам сенгісіз жағдайлар басталды. Шаңғышылардың бірі орман ішімен өтетін тұста құлады, сосын тағы бірі жоғары қарай жылдамдық арттыратын кезде қарсыластың шаңғысына ілігіп қалды. Мәреге жетер тұста да бірдеңе болған сияқты", - делінген мақалада.


Спринтте Әлем Кубогі қатысушысы, әлем чемпионаттары мен Олимпиада қатысушысы Евгений Величко жеңімпаз атанды.




Басылым Қазақстандағы бұл жарысты Бруксвалларн-2019 жарысындағы швед қыздардың жаппай құлауы ғана асып түсетінін атап өтті.