18 жасар спортшы 71.89 ұпай жинап, бірнеше жыл бұрын алған ауыр жарақаттан кейінгі алғашқы жеңісіне қол жеткізді.
ERNUR.KZ. Фристайл-могулдан Анастасия Городко Италияда өткен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында топ жарды, деп жазады stan.kz.
Анастасия Городко Итальяның Кьеза-ин-Вальмаленко қаласында өткен фристайл-могулдан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының жеңімпазы атанды. 18 жасар спортшы 71.89 ұпай жинап, бірнеше жыл бұрын алған ауыр жарақаттан кейінгі алғашқы жеңісіне қол жеткізді. Осылайша отандасымыз жапондық спортшылар Ито Марин (71.35) мен Юго Тагучидің (69.96) алдын орап кетті.
Айта кетейік, бұл Анастасия Городконың әлем чемпионатындағы екінші алтын жүлдесі. Ол 2022 жылы параллельді могулдан да жасөспірімдер арасында әлем чемпионы атанған еді.