Қазақстандық спортшы Қытайда өткен Гран-придің жүлдегері атанды

0
953


Қазақстандық спортшы Қытайда өткен Гран-придің жүлдегері атанды

ERNUR.KZ. Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров Чунцин қаласында өтіп жатқан мәнерлеп сырғанаудан Қытай Гран-приінде (Cup of China 2023) жүлдегер атанды, деп жазады Zakon.kz.

Қысқа бағдарламада қазақстандық 89,94 ұпай жинап, үшінші орынға шықты. Еркін бағдарламада Шайдоров 174,52 ұпай жинады.

Михаил жалпы 264,46 ұпай жинап, франциялық Адам Сяо Хим Фа мен жапониялық Шома Уноға есе жіберіп, қола жүлдені жеңіп алды.

Шайдоровқа дейін Денис Тен екі рет Гран-при кезеңдерінің – Trophée Eric Bompard 2014 ("қола") және Trophée Eric Bompard 2016 ("күміс") жүлдегері атанған.