Қазақстандық теннисшілер тарихта алғаш рет Roland Garros турнирінің 1/4 финалына шықты

0
612


Қазақстандық теннисшілер тарихта алғаш рет Roland Garros турнирінің 1/4 финалына шықты

ERNUR.KZ. Андрей Голубев пен Александр Бублик Қазақстан теннисі тарихында алғаш рет Францияның ашық чемпионатының ширек финалына шықты, деп жазады Stan.kz.

“Қазақстандықтар Александр Бублик пен Андрей Голубев жұптық сында Ролан Гаррос турнирінің ширек финалына шықты. Қазақстандық жұп үшінші айналымда Франция ашық чемпионатының 11-ракеткалары, нидерландылықтар Уэс Колхоф - Жан-Жюльен Ройермен кездесті”, – деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.

Бірінші партияда Бублик пен Голубев тай-брейкте айқын басымдылық көрсетті – 7:6 (7:2). Екінші сетте нидерландылықтар брейк жасап, соны сақтап қалды – 6:3. Үшінші, шешуші партияны қазақстандықтар брейкпен бастады – 2:0. Ақыры осы басымдылықты уысынан шығарған жоқ – 6:4. Тартысты бәсеке 2 сағат 10 минутқа созылды.

Енді қазақстандық теннисшілер "Үлкен дулыға" турнирінің жартылай финалына шығу үшін монаколық Хьюго Нис – германиялық Тим Пюц немесе тағы бір монаколық Ромен Арнеодо – франциялық Бенуа Пэр жұптарының жеңгенімен таласады.