Қазақстанның бірінші ракеткасы Майамидегі турнирдің ширек финалына жолдама алды

0
1 939

Александр Бубликтің келесі қарсыласы - Янник Синнер.


Қазақстанның бірінші ракеткасы Майамидегі турнирдің ширек финалына жолдама алды

ERNUR.KZ. Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик Майами қаласында өтіп жатқан Masters турнирінің ширек финалына жолдама алды, деп жазады Azattyq Rýhy.

Александр Бублик турнирдің төртінші айналымында әлемнің 32-ші ракеткасы, америкалық Тейлор Фритцпен кездескен болатын. Аталған сын 2:1 (7:6, 6:3, 6:4) есебімен қазақстандық теннисшінің пайдасына аяқталды.

Бұған дейін Тейлор мен Бублик екі рет кездесіп, екеуінде де қазақстандық теннисші басым түскен. Ширек финалда Александр әлемнің 31-ші ракеткасы, италиялық Янник Синнермен кездеседі.