Қазақстанның тағы бір теннисшісі Олимпиадаға қатыспайтын болды

0
734

Путинцева алғашқы кездесуге де шыға алмады.


Қазақстанның тағы бір теннисшісі Олимпиадаға қатыспайтын болды

ERNUR.KZ. Қазақстанның әйелдер құрамасының көшбасшысы Юлия Путинцева бүгінгі кездесудің алдында Париж Олимпиадасына қатыспауға шешім қабылдады, деп жазады sputnik.kz.

Теннис федерациясы таратқан ақпаратқа сәйкес, Путинцева алғашқы кездесуге де шыға алмады. Себебі жаттығу кезінде тізесі қатты ауыра бастаған. Медициналық тексерістен кейін алғашқы матчтан бас тартуға шешім қабылданды. Осылайша, Қазақстанның тағы біртеннисшісі Олимпиадаға қатыспайтын болды.
Бұған дейін жарыс жолынан Елена Рыбакина шығып қалған еді. Дәрігерлер оған ұшаққа отыруға да тыйым салған болатын.