Кіші ӘЧ-де қазақ боксшының қарсыласы рингке шықпады

0
579

86 келі салмақта оның қарсыласы үндістандық Картик атты боксшы болу керек еді.


Кіші ӘЧ-де қазақ боксшының қарсыласы рингке шықпады

ERNUR.KZ. Қазақстандық Бекзат Таңатаров Болгарияда өтіп жатқан халықаралық турнирдің 1/4 финалына өтті, деп жазады vesti.kz.

86 келі салмақта оның қарсыласы үндістандық Картик атты боксшы болу керек еді. Алайда қазақ боксшының қарсыласы рингке шықпады.

Ал осының алдында 67 келіде Темірхан Тезек ринг қожайыны - Пламен Янковты төрешілердің бөлек шешімімен жеңді. Сонымен қоса, 57 келіде Оразбек Асылқұлов және 63,5 келіде Ертуған Зейнуллинов те келесі айналымға өтті. Ал 54 келіде өнер көрсететін Бекзат Алдамжаров жарыс жолынан шығып қалды.