"Күшім жетпеді": Теміржанов Токио ойындарын қорытындылады

0
489

Серік Теміржанов Токио ойындарындағы жеңілісіне қатысты өз пікірін айтты.


ERNUR.KZ. Бокстан 57 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғаған Серік Теміржанов Токио ойындарындағы жеңілісіне қатысты өз пікірін айтты, деп жазады olympic.kz.

Айта кетелік, Олимпиаданың 1/8 айналымында Теміржанов америкалық Дюк Реганнан ұтылған болатын.

"Қолымнан келгенше тырыстым, әлім жетпеді. Бар күшімді салдым. Не істей аламын, соның бәрін жасадым. Жанкүйерлердің үмітін ақтай алмағаным үшін кешірім сұраймын. Барымды салдым, бұйырмады", - деді Серік Теміржанов.