2016 жылы Бразилияда өткен жазғы Олимпиада ойындарында қазақстандық ауыр атлет Денис Уланов 85 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде төртінші орынды иеленді.
ERNUR.KZ. Қазақстандық Олимпиада қатысушысы, ауыр атлет Денис Улановтың Мәдениет және спорт министрлігіне қарсы іс бойынша сот шешімі шықты, деп жазады ҚазАқпарат.
2016 жылы Бразилияда өткен жазғы Олимпиада ойындарында қазақстандық ауыр атлет Денис Уланов 85 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде төртінші орынды иеленді. Оған ақшалай 30 мың доллар сыйақы төленді.
Алайда, кейін Олимпиаданың «қола» жүлдесін иеленген Г.Синкраянның нәтижесі жойылып, спортшы шеттетілді. Ал марапат ресми түрде Д.Улановқа өтті. Қазір отандасымыз XXXI Олимпиада ойындарының қола жүлдегері.
2021 жылы 9 тамызда Олимпиадағы жүлдесінің жоғарылауына байланысты Денис Уланов Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитетіне ақшалай сыйақы мөлшерін қайта қарау туралы сұрау салды.
Олимпиадада үшінші орын үшін 75 мың доллар қарастырылған. Спортшы айырмашылықты алғысы келді. Бірақ, нормативтік-құқықтық актілер болмағандықтан оған ақша айырмашылығы төленбеген. Осылайша. Спорт комитеті 2021 жылы 20 тамызда негіздердің болмауына байланысты спортшыға сыйақы мөлшерін қайта қараудан бас тартты.
Содан кейін Денис Ұланов сотқа жүгінді. Бірінші сатыда спортшының талабы қолдау тапты. Бірақ бейінді ведомство шешімге қарсы шағым жасады.
Аталған істі қарау бір жылдан астам уақытқа созылды. Нәтижесінде Жоғарғы соттың әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы сыйақыны қайта қараудан бас тартуды заңсыз деп тапты.
«Нұр-сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2022 жылғы 10 наурыздағы шешімі, Нұр-сұлтан қаласы сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2022 жылғы 31 мамырдағы осы іс бойынша қаулысы күшінде қалсын. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің кассациялық шағымы қанағаттандырусыз қалдырылсын», - делінген қаулыда.