Мәнерлеп сырғанаудан 2020 жылғы әлем чемпионаты өтпейтін болды

0
723

Мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионаты 16-22 наурыз аралығында Канаданың Монреаль қаласында өтуге тиіс болатын.


Мәнерлеп сырғанаудан 2020 жылғы әлем чемпионаты өтпейтін болды

ERNUR.KZ. Халықаралық конькимен жүгірушілер одағы (ISU) мәнерлеп сырғанаудан 2020 жылғы әлем чемпионатын өткізбеу туралы шешім қабылдады. Бұл туралы ISU ресми сайтында жазылды, деп жазады Olympic.kz.

Мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионаты 16-22 наурыз аралығында Канаданың Монреаль қаласында өтуге тиіс болатын. Алайда, COVID-19 індетінің өршуіне байланысты әлемдік одақ жарысты белгісіз мерзімге шегерген болатын.

«ISU онлайн отырыс кезінде 2020 жылғы әлем чемпионаттарын өткізбеу туралы ортақ шешімге келді. Өйткені, аталған турнирлерді кейінге қалдыру бұдан әрі мүмкін емес. Ал 2021 жылғы маусымға келер болсақ, коронавирусқа қатысты жағдай реттелмеген соң, әлі шешім шығаруға ерте. Сол себепті, біз 28 сәуір күні тағы онлайн жиналыс өткіземіз», – делінген хабарламада.