Мәнерлеп сырғанаудан гран-при турнирінің финалы өтпейтін болды

0
632

Пандемияға байланысты былтырғы гран-при финалы да өтпеген болатын.


Мәнерлеп сырғанаудан гран-при турнирінің финалы өтпейтін болды

ERNUR.KZ. Мәнерлеп сырғанаудан Гран-при турнирінің финалына өткізілмейді, деп жазады 24.kz.

Халықаралық конькимен жүгірушілер одағының (ISU) мұндай шешім қабыладауына коронавирусты инфекция себеп болып отыр. Турнир 9-12 желтоқсан аралығында өтуі тиіс болатын.

«Өкінішке қарай, қиын эпидемиологиялық жағдай, карантин талаптары, шектеулер мен логистикалық қиындықтар салдарынан турнирді өткізбеу туралы шешім қабылданды. Жапония коньки спорты федерациясы мен жергілікті ұйымдастыру комитеті барынша шешім табуға тырысқанымен, жоспардағы жарыс өткізілмейтін болды. ISU жарыстың өтпейтініне өкініш білдіреді», – делінген хабарламада.

Айта кетелік, пандемияға байланысты былтырғы гран-при финалы да өтпеген болатын.