Отандасымыз 15.100 балл жинады.
ERNUR.KZ. Спорттық гимнастикадан ат снарядында өнер көрсеткен 25 жастағы Нариман Құрбанов қола жүлдеге қол жеткізді, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Туризм және спорт министрлігі хабарлағандай, отандасымыз 15.100 балл жинады.
Алтын медаль тайпейлік Ли ЧИ-Кайға (15.500 балл) бұйырды, ал күміс жүлдені жапондық Рета Цумура (15.166 балл) иеленді.
Қазақстан құрамасының қоржынында барлығы 20 жүлде бар.