Парижде ерлер мен әйелдер арасында жеребе тартылды.
ERNUR.KZ. Бокстан қазақстан әйелдер құрамасының фавориті Назым Қызайбайдың ең алдымен кіммен рингке шығатыны белгілі болды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Ұлттық Олимпиада комитеті хабарлағандай, 50 келі салмақтағы Назым Қызайбай Италия боксері Джиордана Соррентиномен бокстасады. Ал, құраманың 57 келі салмақтағы мүшесі
Әйелдер Карина Ибрагимова Пуэрто-Рико боксшысы Лозада Мотта Ашлейанмен бақ сынасады. 75 келі салмақтағы отандасымыз Валентина Хальзова Панама спортшысы Атейна Билонмен жұдырықтасады.
Ерлар арасындағы Ұлттық құраманың жеребесі төмендегідей түскен:
51 келі: Сәкен Бибосынов – Самет Кумуш (Түркия)
57 келі: Махмұд Сабырхан – Хосе Кильес (Испания)
63,5 келі: Мұхамедсабыр Базарбайұлы – Ойер Ибаррече Конде (Испания)
71 келі: Асланбек Шымбергенов – Зияд Ишиаш (Иордания)
80 келі: Нұрбек Оралбай – Каллум Петерс (Австралия)
92 келі: Айбек Оралбай - Олайтан Адам Олаор (Нигерия)
+92 келі: Қамшыбек Қоңқабаев - Гадфа Дрисси (Испания)