Неймар Сербиямен матч кезінде жарақат алып қалды

0
763

Бразилия Сербияны 2:0 есебімен ұтты.


Неймар Сербиямен матч кезінде жарақат алып қалды

ERNUR.KZ. Бразилия құрамасының шабуылшысы Неймар Катарда өтіп жатқан әлем чемпионатында Сербиямен матч кезінде жарақат алып қалды, деп жазады vesti.kz.

Никола Миленкович допқа секірген уақытта бразилиялықтың аяғын ауыртып қойған екен, осыған байланысты 80-минутта Неймардың орнына алаңға басқа ойыншы шықты.

Неймар ауырсынғаннан ба, әлде болған жағдайға іші ашыды ма, қосалқы ойыншылар орнында отырып көз жасын көрсетпеу үшін футболкасын басына түріп алды.

Еске салайық, Бразилия Сербияны 2:0 есебімен ұтты.