Фуэнтес жеңіл салмақта 25 жекпе-жек өткізіп оның 14 нокаутпен аяқтаған еді.
ERNUR.KZ. Әлемнің экс-чемпионы мексикалық Мойзес Фуэнтес 37 жасында өмірден озды. Бұл қайғылы жаңалықты Бүкіләлемдік бокс кеңесінің президенті (WBC) Маурисио Сулейман әлеуметтік желіде хабарлады, деп жазады vesti.kz.
"Мойзес Фуэнтес өмірден өтті. Ол соңғы демі қалғанша айқасатын нағыз батыр еді. Оның отбасы мен достарына қайғырып көңіл айтамыз", - деп жазды Сулейман твиттер парақшасында.
Фуэнтес жеңіл салмақта 25 жекпе-жек өткізіп оның 14 нокаутпен аяқтаған еді. 2011 жылы отандасы Рауль Гарсияны жеңіп WBO белбеуін иеленді.
2021 жылдың қазан айында Фуэнтес тағы бір отандасы Давид Куэльярамен айқасып, 6 раундта нокаутқа түсті. Нәтижесінде комаға түсіп сол күйі есін жимады...