Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасы үшін бұл - турнирдегі ең жоғары деңгейдегі алғашқы медаль.
ERNUR.KZ. Қазақстандық ауыр атлет Нұрғиса Әділетұлы Оңтүстік Кореяның Чинджу қаласында аяқталып жатқан Азия чемпионатының алтын жүлдесін жеңіп алды, деп жазады Zakon.kz.
Қазақстандық зілтемірші Нұрғиса Әділетұлы алты мүмкіндігінің алтауын да сәтті пайдаланып, бірде-бір қатеге жол бермей, үздік өнер көрсетті. 102 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен зілтеміршімізге тең келетін тура 400 келіні бағындырған ешкім болмады.
Әуелі Нұрғиса серпе көтеруде 181 келі салмақпен турнир қожайыны кореялық Йонхак Янгқа бар болғаны бір келіге есе жіберіп, екінші орын алды. Одан кейін Әділетұлы жұлқа көтеруде 219 келі зілтемірді көтеріп, ең мықты болды. Осылайша ол Азияның жаңа чемпионы атануға мүмкіндік алды.
Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасы үшін бұл - турнирдегі ең жоғары деңгейдегі алғашқы медаль. Азия чемпионаты 13 мамырда аяқталады.