Қазақстандық спортшы үшін Олимпиада ойындары ертерек аяқталды.
ERNUR.KZ. Нұрлыхан Шархан Париж Олимпиадасының 1/4 финалына шыға алмады, деп жазады inbusiness.kz.
100 келі салмақта жарыс жолына шыққан қазақстандық дюдошы әлемдік рейтингте төртінші орында тұрған өзбекстандық Мұзафарбек Туробоевтан жеңілді.
Белдесу кезінде екі қарсылас бір-бірден вазари әдісін жасаған еді. Кейін өзбек балуаны тағы бір вазари жасап, иппонмен жеңіске жетті. Осылайша Нұрлыхан үшін Олимпиада ойындары аяқталды.