Олимпиада чемпионының аяғын кесіп тастауы мүмкін

0
636

10 қаңтарда спортшы пневмониямен жансақтау бөліміне түскен.


Олимпиада чемпионының аяғын кесіп тастауы мүмкін

ERNUR.KZ. Мұзайдында билеуден Олимпиада чемпионы ресейлік Роман Костомаровтың аяғын кесіп тастауы мүмкін. Спортшының гангренасы меңдеп барады, деп жазады vesti.kz.

Бастапқыда мәнерлеп сырғанаушының екі аяғының бақайларын ғана кесу туралы шешім қабылданған еді. Алайда некроз ары қарай меңдеп кеткен екен. Дәрігерлік тексеріс сол жақ аяғының буынындағы жұмсақ тіндерде газ көпіршіктері барын көрсеткен. Бұл инфекция барын білдіреді. Қазіргі таңда дәрігерлер спортшының аяғын аман алып қалу үшін бәрін жасап жатыр, алайда болжамдар қуантарлық емес.

Еске салайық, 10 қаңтарда спортшы пневмониямен жансақтау бөліміне түскен. Кейін оның жағдайы күрт нашарлап кетіпті.

Костомаров Татьяна Навкамен жұпта Туринде өткен 2006 жылғы Олимпиада жеңімпазы. Осы жеңістен кейін екі спортшы да карьерасын аяқтаған болатын.