ERNUR.KZ Футболдан Қазақстан премьер лигасының 19 - тур матчтары мəресіне жетті деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.
ERNUR.KZ Футболдан Қазақстан премьер лигасының 19 - тур матчтары мəресіне жетті деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.
Соңғы уақытта сəтсіз ойын көрсетіп, жанкүйерлерін ренжітіп келе жатқан Шымкенттің "Ордабасы" клубы "Қажымұқан" стадионында Алматының "Қайрат" ұжымын қабылдады. Кездесу осы аптада қарақшылардың қолынан қаза тапқан спортшымыз Денис Теннің құрметіне бір минуттық еске алумен басталды. Ойынның басынан шабуыл ұйымдастырған алаң қожайындары 13 - минутта есеп ашты. Шабуылға араласқан қорғаушы Темірлан Ерланов гол авторы атанды.
"Қайрат" футболшылары 3 күн алдын Еуропа Лигасында өнер көрсетіп шаршап қалған ба əлде басқа себеп пе олардын ойынында сылбырлық көзге түсті. Бұл шымкенттіктердің ұпай алуына көмек берді. Алайда екінші таймның басында қонақтар футболшысы Адеринсола Эсеола таразы басын теңестірген болатын.
Бірақ, соңғы минуттарда жанкүйерлеріне жеңіс сыйлауға тырысқан "Ордабасы" футболшылары екінші голды да соқты. Пенальтиден Абдулай Диакате мүлт кетпеді. Африкалық аяқдопшы гол соққан уақытта 84 - минут еді. Сол үшін алматылықтардың есепті теңестіруіне қалған 6 минут жеткіліксіз болды. Қортынды есеп 2:1 "Ордабасы" командасының жеңісі.
Айтулы жеңістен соң шымкенттіктер 28 ұпай жинап турнир кестесінде 4 - орынды иеленіп тұр. Ал, "Астана" 50 ұпаймен көш бастап келеді. Екінші орынға "Қайрат" 44 ұпаймен жайғасқан.
19 - турдың өзге ойындарының нəтижелері мынадай: "Атырау" - "Ақжайық" - 2:0, "Шахтер" - "Қайсар" - 2:2, "Жетісу" - "Ақтөбе" - 1:2, "Тобыл" - "Ертіс" - 1:1