Месиканың Тихуана қаласында өткен бокс кешінің басты жекпе-жектерінң бірінде Өзбекстанның қазағы 20 жастағы мексикалық Анхель Даниэл Гарсиямен айқасты.
ERNUR.KZ. Екінші жартылай орта салмақтағы боксшы Елнұр Әбдірайымов (10-1, 9 КО) кәсіпқой карьерасында алғаш рет жеңілді, деп жазады vesti.kz.
Месиканың Тихуана қаласында өткен бокс кешінің басты жекпе-жектерінң бірінде Өзбекстанның қазағы 20 жастағы мексикалық Анхель Даниэл Гарсиямен (15-0, 12 КО) айқасты.
Фаворит саналған Елнұр бастапқыда жекпе-жекті бақылауда ұстап, қашықтық пен темпті өз дегенніде ұстады. Алайда кейін Гарсия айқас барысын өзгертіп, басымдық көрсете бастады.
Ақыры жетінші раундтан кейін Әбдірайымов жекпе-жекті жалғастырудан бас тартты да, Гарсия техникалық нокаутпен жеңіске жетті.