Моңғолия астанасында өткен күрес түрлерінен Азия чемпионатында қырғызстандық әйгілі Мээрим Жұманазарованы жеңіп, алтын жүлдемен оралған Мадина Бақбергенованың қарапайым өмірінен видео үзінді жария етілді.
ERNUR.KZ. Фейсбук желісіндегі Біз және Спорт тобында жарияланған видеода 68 келіде Азия чемпионы атанған Мадина Бақбергенованың сиыр сауып отырған видеосын көруге болады, деп жазады Vesti.kz.
"Папаға бәрібір Азияны ұтсаң да, жұмыс істетіп қояды", - дейді видеоны түсіріп тұрған адам (Мадинаның інісі болса керек).
Видеоны әлеуметтік желіге жүктеген Анық Көкенайұлының түсіндірмесінде "4 күн бұрын Азия чемпионы атанып, кеше ғана елге оралған Мәдина Бақбергенова бүгін өз үйінде сиыр сауып отыр" делінген.