Отандастарымыз бұл бәсекеде Италия командасымен шеберлік байқасты.
ERNUR.KZ. Франция астанасында өтіп жатқан Олимпиада ойындарында садақ атудан Қазақстан ерлер құрамасы сынға түсті. Өкінішке қарай, отандастарымыз 1/8 финалдан аса алмады, деп жазады inform.kz.
Отандастарымыз бұл бәсекеде Италия командасымен шеберлік байқасты. Ел намысын Ильфат Абдуллин, Дәулеткелді Жаңбырбай, Александр Еременко қорғады. Жарыстың негізгі уақытында жерлестеріміз бәсекені 4:4 есебімен тең аяқтады.
Алайда, қосымша уақытта қарсыластарына жол беріп алды.
Естеріңізде болса, садақшыларымыз Олимпиада ойындарын ең бірінші болып бастаған болатын. Олар 25 шілдеде рейтингтік раундта сынға түскен еді. Ильфат Абдуллин 29-орын (663 ұпай) алса, Дәулеткелді Жаңбырбай 22-орынға (668 ұпай), Александр Еременко 59-орынға (640 ұпай) табан тіреген еді.