​Шымкенттік полицей жауынгерлік джиу-джитсудан Қазақстан чемпионатында бірінші орын алды

0
915

Ол өзінің жеңісін барлық қазақстандық әйелдерге арнап, халықаралық әйелдер күнімен құттықтайды.


​Шымкенттік полицей жауынгерлік джиу-джитсудан Қазақстан чемпионатында бірінші орын алды

ТМД елдерінің астанасы – Шымкент қаласында жауынгерлік джиу-джитсу бойынша Қазақстан Республикасы чемпионаты өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Жарысқа еліміздің барлық өңірінен 250-ге жуық спортшы қатысты.

Шымкенттік спортшылар арасында Шымкент қаласы Полиция департаменті оқу-жаттығу взводының инспекторы полиция капитаны Ғалымжан Бақытұлы Қатбаев болды. Ол 85 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бәсекеге түсіп, 1 орынды иеленді. Енді Ғалым ағымдағы жылдың сәуір айында Ташкентте өтетін Азия чемпионатына қатысатын болады.
30 жастағы халықаралық дәрежедегі спорт шебері Ғалым 13 жыл бойы жауынгерлік джиу-джитсумен айналысып, салауатты өмір салтын ұстанады. 4 баланың үлгілі әкесі бос уақытын отбасы ортасында өткізеді.
Ғалым өзінің жеңісін барлық қазақстандық әйелдерге арнап, халықаралық әйелдер күнімен құттықтайды.