Станислав Черчесов футбол құрамасының сәтсіз ойынына қатысты пікір білдірді

0
187

Қазақстандық футболшылар Ұлттар лигасы В лигасы үшінші тобында өз алаңында Норвегиямен 0:0 есебімен тең түсіп, сырт алаңда оларға 0:5 есебімен есе жіберді.


Станислав Черчесов футбол құрамасының сәтсіз ойынына қатысты пікір білдірді

Фото: kff.kz

ERNUR.KZ. Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов оң көрсеткішке жету үшін құрамада қандай өзгерістер жасау қажеттігі жөнінде ойымен бөлісті, деп жазады inform.kz.

Қазақстандық футболшылар Ұлттар лигасы В лигасы үшінші тобында өз алаңында Норвегиямен 0:0 есебімен тең түсіп, сырт алаңда оларға 0:5 есебімен есе жіберді. Ал Словенияға 0:3, 0:1, Аустрияға 0:4, 0:2 есебімен жеңіліп, өз тобында бір ұпаймен соңғы орынды місе тұтты.

Аталған турнирдің алдағы жаңа маусымында енді қайтадан С лигасында ойнайды.

«Бұл сылтау емес, біздің басымдық танытатын тұсымыз болған жоқ. Біз Астана қаласындағы синтетикалық алаңда ойнаған жоқпыз, онда қосымша артықшылық бар. Менің келгенімше бұл жөнінде ешкім болған жоқ. Күнтізбе бізде дайындыққа қосымша күндер болмайтын етіп жасалған. Бұған дейін ондай уақыт болды. Алдағы жылы Астана қаласына ораламыз. Десе де бізді Алматы керемет қарсы алды. Синтетикалық алаңда ойнамағандықтан біз қосымша артықшылыққа қол жеткізе алмадық. Регламент бойынша бізде дайындыққа қосымша уақыт болған жоқ. бізде Аустриямен сырттағы ойынға қосымша екі күнді пайдалана алдық. Бізде бірнеше күн болуы үшін тиіті құжаттарды тапсырдым. Көптеген ойыншылар бүгін тәжірибе алды. Қасым және Астанов секілді ойыншыларға уақыт берілді. Бұл ойымыз алдағы іріктеу кезеңдерінде жүзеге асады деген үміттеміз», — деді Станислав Черчесов.