Дүбірлі дода Венгрия астанасы Будапешт қаласында өтіп жатқан су спорты түрлерінен әлем чемпионаты аясында ұйымдастырылуда.
ERNUR.KZ. Су добынан әлем чемпионатында Қазақстан әйелдер құрамасы Бразилиядан басым түсті, деп жазады ҚазАқпарат.
Дүбірлі дода Венгрия астанасы Будапешт қаласында өтіп жатқан су спорты түрлерінен әлем чемпионаты аясында ұйымдастырылуда.
Еліміздің әйелдер құрамасы D тобында Австралия, Жаңа Зеландия және Бразилиямен шеберлік байқасуда.
Бүгінгі кездесуде қазақстандық спортшылар жинақы қимыл көрсетті. Нәтижесінде қарсыласын 10:6 есебімен тізе бүктірді. Бұл топтағы Австралия Жаңа Зеландиядан 11:2 есебімен басым түсті.
Қазақстандық қыздар алғашқы кездесуінде Австралиядан 6:19 есебімен жеңіліп қалды. Енді олар 24 маусымда Жаңа Зеландиямен ойнайды.
Сондай-ақ, әлем чемпионатында D тобында еліміздің ерлер құрамасы Австралия, Сербия, АҚШ құрамалары сынға түсіп жатыр.
Жігіттер алғашқы кездесуінде Австралияға 4:10 есебімен есе жіберіп қойды. Енді ел құрамасы 23 маусымда АҚШ-пен кездессе, 25 маусымда Сербияға қарсы шығады.
Еске салсақ, бұдан бұрын футболдан ел біріншілігінде ойыншылардың жазғы трансферлік мерзімі бекітілді .