Турнирдің 1/8 финалында Оңтүстік Корея құрамасына қарсы матчта Силва шабуылшы Ришарлисонға нәтижелі пас шығарды.
ERNUR.KZ. "Челси" мен Бразилия құрамасының қорғаушысы Тиагу Силва әлем чемпионатында нәтижелі пас берген ең жасы үлкен ойыншы атанды, деп жазады vesti.kz.
Турнирдің 1/8 финалында Оңтүстік Корея құрамасына қарсы матчта Силва шабуылшы Ришарлисонға нәтижелі пас шығарды. Ал Бразилия командасы 4:1 есебімен ұтты.
Тиагу Силва 38 жас 74 күн дегенде нәтижелі пас берді. Осыған дейігі рекорд 1990 жылғы мундиальда Камерун құрамасының ойыншысы Роже Миллге тиесілі болып келді. Милл 38 жас 42 күнінде нәтижелі пас берген еді.
Еске салайық, Тите жаттықтыратын оңтүстік америкалықтар Қатардағы әлем чемпионатының 1/4 финалына жолдама алды. Енді бразилиялықтар Хорватия футболшыларымен кездеседі.