Ширек финалда 57 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы малазиялық Акмаль Мухамадты жеңді.
ERNUR.KZ. Қазақстандық боксшы Сабырхан Махмұт 22 жасқа дейінгілер арасындағы Азия чемпионатының жартылай финалына өтті, деп жазады vesti.kz.
Ширек финалда 57 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы малазиялық Акмаль Мухамадты жеңді. Жекпе-жек кезінде Сабырхан қарсыласын бірнеше рет нокдаунға түсірді. Осыған байланысты төреші малазиялықтың таяқ жеуін тоқтатуды ұйғарды.
Осылайша, техникалық нокаутпен жеңіске жеткен Сабырхан Махмұт кемі қола жүлдеге ілігіп отыр.