Түркия 2032 жылғы жазғы Олимпиада ойындарын өткізуден үмітті

0
1 035

Түркия мұндай шараны өз елінде өткізуге әбден лайық.


Түркия 2032 жылғы жазғы Олимпиада ойындарын өткізуден үмітті

ERNUR.KZ. Ыстамбұл 2032 жылғы жазғы Олимпиада ойындарын өткізуге үміткер. Бұл туралы Түркияның Ұлттық Олимпиада комитетінің вице-президенті Хасан Арат мәлімдеді, деп жазады baq.kz.


Түркия коронавирус пандемиясымен күресті сәтті орындап, 2020 жылғы ойындарға дайындық кезінде берілген инфрақұрылым бөлігі бойынша өз уәдесін толық орындады. Жолдар, метро, әуежай сияқты барлық нысанның құрылысы аяқталды. Ыстамбұл үміткер болуға дайын және болуы керек. Бұл шешім мемлекет деңгейінде қабылданды, - деді Арат.

Оның пікірінше, Түркия мұндай шараны өз елінде өткізуге әбден лайық. Ыстамбұл 2020 жылы Олимпиада ойындарын өткізуге үміткер болғаны белгілі, алайда, 2013 жылы Токиоға жол берді.
Бұған дейін Халықаралық Олимпиада комитетінің президенті Томас Бах Токиода өтетін Олимпиада ойындарын 2021 жылы өткізу мүмкіндігі болмаса, тоқтатуы мүмкін деп мәлімдеген еді.
Еске сала кетейік, коронавирусқа байланысты Токиода өтетін Олимпиада 2021 жылға ауыстырылған болатын.