Ұлттық құраманың экс-ойыншысы ҚПЛ клубына қызметке орналасты

0
504

38 жастағы Байжанов спорттық жолын биылғы маусымның қорытындысы бойынша аяқтаған еді.


Ұлттық құраманың экс-ойыншысы ҚПЛ клубына қызметке орналасты

ERNUR.KZ. Қазақстан құрамасының экс-ойыншысы Мақсат Байжанов Қайсар клубының спорттық директоры болып тағайындалды, деп жазады vesti.kz.

38 жастағы Байжанов спорттық жолын биылғы маусымның қорытындысы бойынша аяқтаған еді. Бірінші лигада "Қайсар" сапында 21 матчта 3 гол салып 4 рет нәтижелі пас шығарды. Ал оның командасы Премьер-Лигаға қайта оралды.

Еске салайық, Мақсат Байжанов Қызылорда футбол мектебіні түлегі. Ол әр жылдары "Атырау", "Шахтер", "Жетісу", "Ақтөбе", "Астана" және "Ертіс" клубтарында өнер көрсеткен. Қазақстан құрамасының сапында 2005-2017 жылдары ойнады.