Велоспортшылар Қазақстан қоржынына Олимпиадаға 51-жолдаманы салды

0
468

Биылғы XXXIII жазғы Олимпиада ойындары 26 шілде-11 тамызы аралығында өтеді.


Велоспортшылар Қазақстан қоржынына Олимпиадаға 51-жолдаманы салды

ERNUR.KZ. Қазақстан құрамасы велотректен Париж Олимпиадасының 1 жолдамасына ие болды, деп жазады vesti.kz.

Бұл лицензия жеке спортшының өзіне емес, Ұлттық федерацияға беріледі. Бұл ел қоржынына түскен 51-жолдама екенін айта кетейік. Қазақстан атынан баратын спортшы кейрин және спринт дисциплинасында бақ сынай алады.

Еске салайық, осыған дейін 50-ші жолдаманы көркем гимнастикадан Қазақстан құрамасының үздігі Эльжана Таниева Ташкентте өткен Азия чемпионатында жеңіп алған болатын.

Биылғы XXXIII жазғы Олимпиада ойындары 26 шілде-11 тамызы аралығында өтеді.