Жұптық сында Анна Данилина екі сатыға жоғарылап, 50-орынға көтерілді.
ERNUR.KZ. "Уимблдон" турнирі аяқталған соң, әйелдер теннисі қауымдастығы жаңартылған рейтингті жариялады, деп жазады baq.kz.
Турнирдің жартылай финалында сүрінген Елена Рыбакина әлемдік рейтингтегі төртінші орнын сақтап қалды.
Ал осы бәсекеде төртінші айналымға дейін жеткен Юлия Путинцева алты сатыға жоғарылап, 29-орынға тұрақтады. Бұл Юлияның мансабындағы ең үлкен көрсеткіш.
Жұптық сында Анна Данилина екі сатыға жоғарылап, 50-орынға көтерілді.