Юлия Путинцева Сербиядағы ашық чемпионатты жеңіспен бастады

0
719

Алғашқы айналымда жерлесіміз әлем рейтингінде 100-ші орында тұрған словениялық Кайя Юванмен кездесті.


Юлия Путинцева Сербиядағы ашық чемпионатты жеңіспен бастады

ERNUR.KZ. Қазақстандық теннисші Дмитрий Попко Бьелла қаласында өтіп жатқан Challenger сериялы турнирінің бірінші айналымында жеңіліп қалды, деп жазады 24.kz.

Ол 1/16 финалында үш сетте америкалық Тай-Сон Квятковскийден ұтылды. Кездесу 2 сағат 40 минутқа созылды. Осы уақыт ішінде Попко алты эйс жасаған.

Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Белградтағы WTA 250 сериясының турнирін жеңіспен бастады. Алғашқы айналымда жерлесіміз әлем рейтингінде 100-ші орында тұрған словениялық Кайя Юванмен кездесті. Қарсыластар үш сет бойы өзара мықтыны анықтады. 2 сағат 19 минутқа созылған тартыста Юлия жеңіске жетті. Есеп – 4:6, 6:2, 6:1.

Екінші айналымда Путинцева бельгиялық спортшы Элисон Ван Эйтванк пен хорватиялық Ана Конюх кездесуінің жеңімпазымен кортқа шығады.