Финалда Бақбергенова жапониялыұ Сумире Ниикурамен күресіп, 5:1 есебімен отандасымыз жеңіске жетті.
ERNUR.KZ. Жәмила Бақбергенов Астанада өтіп жатқан әйелдер арасындағы күрестен Азия чемпионатында бірінші орын алды, деп жазады stan.kz.
Финалда Бақбергенова жапониялыұ Сумире Ниикурамен күресіп, 5:1 есебімен отандасымыз жеңіске жетті.
"Бұл біздің палуандарымыздың Азия біріншілігінде алған үшінші алтын медалі. Осыған дейін Эльмира Сыздықова мен грек-рим стилінің балуаны Ибрагим Магомадов Азия чемпионы атанды", – деп жазды мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов.
Жәмила Бақбергенова 72 келіге дейінгі салмақта белдесті. Бұған дейін ол 2020 және 2022 жылдары Азия чемпионатында жеңіске жеткен.