Жастар құрамасы Азия чемпионатында алтын жеңіп алды

0
378

Қазақстан жасөспірімдер құрамасы командалық көпсайыстан алтын және күміс жеңіп алды.


Жастар құрамасы Азия чемпионатында алтын жеңіп алды

ERNUR.KZ. Өзбекстан астанасы Ташкентте өтіп жатқан көркем гимнастикадан Азия чемпионатының екінші жарыс күні Олимпиада жолдамасынан бөлек құрама қоржынына тағы үш жүлде түсті, деп жазады vesti.kz.

Қазақстан ересектер құрамасы бес шығыршықпен жаттығуда Азия біріншілігінің қола жүлдегері атанды. Ал Қазақстан жасөспірімдер құрамасы командалық көпсайыстан алтын және күміс жеңіп алды.

Еске салайық, кешегі жарыс күні Эльжана Таниева көпсайыстан Азия чемпионы атанып, Париж Олимпиадасына іріктеуден өткен болатын.