Жүрегі тоқтап, ауруханаға түскен өзбекстандық бапкердің жағдайы жақсарды материалға сілтемені көшіру

0
320

Хасанбой Дусматов жеңіп алған алтын медальді тойлау кезінде бокстан Өзбекстан құрамасының бас бапкерінің кенеттен жүрегі тоқтап қалған.


Жүрегі тоқтап, ауруханаға түскен өзбекстандық бапкердің жағдайы жақсарды  материалға сілтемені көшіру

ERNUR.KZ. Өзбекстандық журналист Джалол Ахмедов желідегі парақшасында өзбек құрамасының боксшылары өздерінің жаттықтырушысы Тулкин Киличевтің ауруханада жатқанын көрген видеосын жариялады, деп жазады stan.kz.

"Бұл бапкер Тулкин Киличев бірден 5 Олимпиада чемпионын дайындады. Олардың екеуі екі дүркін алтын жүлдегер. Өзбекстан сенімен мақтанады. Сәттілік тілеймін", – делінген жазбада.

Айта кетейік, Хасанбой Дусматов жеңіп алған алтын медальді тойлау кезінде бокстан Өзбекстан құрамасының бас бапкерінің кенеттен жүрегі тоқтап қалып, ауруханаға түскенін жаздық. Бапкерге көмекке Ұлыбритания құрамасының дәрігері Хардж Сингх пен физиотерапевт Робби Лиллис келіп, дефибрилляторды қолданып, бапкердің өмірін сақтап қалды. Қазір бапкердің жағдайы бірқалыпты.

Еске салайық, бұған дейін Париж олимпиадасында екі өзбек спортшысы бір күнде екі дүркін олимпиада чемпионы атанғанын жазған едік. Өзбекстандық олимпиада чемпиондары Улугбек Рашитов пен Хасанбой Дусматов Парижде өтіп жатқан олимпиада ойындарында екінші рет жеңістің ең биік тұғырына көтеріліп, екі дүркін олимпиада чемпионы атағына ие болды. Таеквондошы Улугбек Рашитов 68 келіде қарсылас шақ келтірмей, финалда иорданиялық Заид Каримнен басым түссе, 51 келідегі Хасанбой Дусматов та финалда француз боксшысы Билал Беннама 5:0 есебімен айқын жеңді. Осылайша Улугбек Токиодағы жетістігін қайталаса, Хасанбой Риодағы нәтижесіне қайта қол жеткізді.