«Опмай-опмай» әні «Оригиналсыңнан» ұзақ хит болады»: Нумеролог танымал хиттар мен сайтқа жорамал жасады

0
4 775

«Кейбір жұлдыздарға жасыл түс сәттілік алып келеді. Оларға қызыл түсті мүлде кимеуге кеңес беремін».


«Опмай-опмай» әні «Оригиналсыңнан» ұзақ хит болады»: Нумеролог танымал хиттар мен сайтқа жорамал жасады

Ескерту: Автор және редакцияның жазбаша рұқсатынсыз мақаланы көшіріп басуға тыйым салынады.

Сіздің және менің туған күндерім штрих кодтардан тұрады. Ол арқылы біздің мінездеріміз бен қабілеттерімізді анықтауға болады екен. Сонымен қатар, есімдеріміз де тағдырымызға айтарлықтай әсер ететін көрінеді. Бүгін біз ERNUR.KZ сайтының оқырмандары үшін танымал жұлдыздар мен олардың хит әндеріне анализ жасадық.

Менің бүгінгі кейіпкерім - көптеген беделді адамдардың жеке нумерологы, сандарды сөйлетудің танымал маманы Құралай Бақытқызы.


Қарашаш Есенбай: Сәлеметсіз бе, Құралай ханым! Өзіңізді біршама уақыттан бері танимын, соңғы кезде арналар мен сайттардан жиі көреміз. Көбінде жұлдыздарға мінездеме беріп, олар туралы қызықты ақпараттармен бөлісіп жүрсіз. Алдымен, осы салаға алғаш қалай келгеніңізді және «нумерология дәнге қарсы» деген пікір туралы ойыңызды білгіміз келеді.


Құралай Бақытқызы: Алғашында мен өзімді, туыстарымды зерттедім. Соларға анализ жасап, сандарындағы заңдылықтар мен мінездеріндегі сәйкестікті көп байқағандықтан осы салаға бет бұрдым. Нумерология - астрологиямен байланысты сала. Өзіңіз білесіз, дінімізде айт мерекесі сияқты айтулы күндерді белгілейтін кезде жұлдыздарға жүгінеді, айдың тууына байланысты күнді белгілейді. Яғни сандар бұрыннан бар ғылым. Біз үшін туған күн - штрих код, әр адамның тағдыры сол кодқа жазылған. Мысалы мен өткен жылы еліміздің туған күніне анализ жасаған кезде «Елбасы ауысуы мүмкін» деген болатынмын. Нәтижесін өздеріңіз көрдіңіздер, демек сандар арқылы тағдыр түсіп тұр.


Қарашаш Есенбай: Сізге адамдар қандай мәселелер бойынша жиі жүгінеді?


Құралай Бағдатқызы: Әдетте балалары 11-сынып бітіретін кезде ата-аналар қай мамандыққа бағыттарын білмей қиналады. Осы ең өзекті тақырыптың бірі деп айтар едім, одан кейін бизнес пен денсаулыққа байланысты кеңес алатындар көп. Мысалы «ЭКО-ны қай уақытта жасату нәтижелі», «ота жасатуға қай күннің энергиясы» жақсы деген сияқты сұрақты көп қояды.


Қарашаш Есенбай: Ал, жұлдыздар туралы ақпарат сұрайтын жанкүйерлер бар ма?


Құралай Бағдатқызы: Иә, кейде сұрайтын адамдар болады (күліп). Баласын әнші, спортшы болсын деген оймен сол саладағы танымал адамдардың сандарына сәйкестігін есептететіндер бар. Әсіресе Мейрамбек Беспаев, Димаш Құдайбергенов туралы білгісі келетіндер көп. Димаштың 347 деген коды бар, ол өнер адамының коды. Сосын елбасымызды жиі сұрайды. Біздің елбасымыз бен Абай Құнанбайұлының кодтары бірдей. Олар артында із қалдыратын, данышпан адамдар болады.


Қарашаш Есенбай: Өзіңізден жеке консультация алатын жұлдыздар бар ма, кімдер жиі келеді?


Құралай Бақытқызы: Иә, маған келетін жұлдыздар баршылық, бірақ аттарын атап айта алмаймын. Көбінде маған үкіметте қызмет ететін адамдар жиі келеді екен, сосын журналистердің көпшілігіне консультация жасағанмын. Бұған қоса, жұлдыздардың әйелдері келеді, көбінде балалары туралы сұрақтарға жауап іздейді.


Қарашаш Есенбай: Сіздің БАҚ-қа беріп жүрген мәліметтеріңізді оқып, өкпе-реніш айтқан жұлдыздар бар ма?


Құралай Бағдатқызы: Жоқ, өзіме келіп ренжіген жұлдыздар болмаған... Керісінше, оларға да кей ақпараттарды білу қызық шығар деп ойламын.


Қарашаш Есенбай: Нумерологиядан бөлек, түстермен жұмыс істеу, ол арқылы емдеу деген дүниелер біздің халыққа енді танылып келе жатыр. Өзіңіз жақында осындай орталық аштыңыз. Сол туралы толығырақ білгіміз келеді.


Құралай Бақытқызы: Иә, мұны біз «цветотерепия» деп атаймыз. Ол елімізде әлі таныла қойған жоқ, бізге дейін мұндай емдеу түрі болғанын, не болмағанын анық білмедім. Біз жақында қолға алып «Цветотерапия орталығын» аштық, мұндай орталық Лондонда бар. Бұл саланы жүргізетін - менің ұзтазым. Ол салаға сенетін себебім: сандар арқылы айтқан ақпарат пен түстерге қарап айтқандар сәйкес келеді. Табиғаттың бәрі энергия ғой, әр адамның әр салаға қатысты жағымды энергиясы болады. Біреу медицинаға, енді бірі спортқа жақын деген сияқты. Ол кісі соны түс арқылы көреді және нумерологиямен дөп түседі. Бұл «цветотерапия» арқылы түрлі аруларды да емдеуге болады. Өйткені, адамға түстерді берген кезде барлық блоктар ашылады.


Қарашаш Есенбай: Демек, түстердің де адам өмірінде айтарлықтай орны бар ма?


Құралай Бақытқызы: Әрине, біздің ата-бабамыз осыны бұрын білген сияқты... Мысалы қызылшамен ауырғанда қызыл түсті киім кигізеді. Көрдіңіз бе, түстің энергиясы арқылы емдеуге болады деген сөз ғой. Мысалы, сіз жазда қап-қара киіммен жүрген адамды көрсеңіз көңіліңіз түскендей болады, ал сап-сары киімдегі жан позитив береді. Сол үшінде түс эмоция береді, денсаулыққа әсер етеді деп айтуға негіз бар.


Қарашаш Есенбай: Мысалы жұлдыздардың санына қарап, оларға сахнада «мына түсті киюге болады немесе мынаны болмайды» деп айта аламыз ба?


ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: Қайрат Нұртастың директорымен эксклюзивті сұқбат

Құралай Бақытқызы: Иә, олай айтуға болады. Мысалы Маржан Арапбаева қызыл түс жақсы көреді екен. Ол адам тез сөйлейді, харизмасы мықты деп сипаттама берер едім. Сол сияқты адамның жақсы көретін түсіне байланысты мінезін айтуға немесе сандарына қарап сахнада қай түс сәттілік әкелетінін анықтауға мүмкіндік бар. Бір адамның сәтті түсі - жасыл болса, оған қызыл түс көп киюге болмайды. Себебі ондай адамдарға қызыл реңк дисбаланс беріп, өзгелерге ұнамауына әсер етуі мүмкін. Оған тәжірибемде толық көз жеткіздім.


Қарашаш Есенбай: Ендеше, қазір сізге есімін атамай бірнеше әншінің туған күнін берсек. Оларға симаттамамен қоса, қай түстерді жиі киетінін айтып көрсек. Қалай қарайсыз?


Құралай Бақытқызы: Жақсы, келістік!


Қарашаш Есенбай: 24.05.‎ ‎1994 Димаш Құдайберген. (Есімі нумерологқа айтылған жоқ).


Құралай Бақытқызы: Бұл адамға жасыл түс жақын, көбінде жасыл, қара түстерге жақын сияқты. Өзі үнемі жоспармен жүретін, мықты стратег адам.


Қарашаш Есенбай: 30.11.1986 Ерке Есмахан. (Есімі нумерологқа айтылған жоқ)


Құралай Бақытқызы: Бұл адам қызыл, сарғылт түстерді яғни жарқын түстерді жақсы көруі керек. Бірінші адам жоспармен асықпай өсетін адам болса, бұл кісі шымыр, тез қимылдап, тез шешім қабылдайтын, еркін стильді ұнататын адам. ‎

Қарашаш Есенбай: 7. 11. ‎1976‎ Мейрамбек Беспаев (Есімі нумерологқа айтылған жоқ).


Құралай Бақытқызы: Бұл кісі ақ, көк, қара түстерді жақсы көруі мүмкін. Бірақ қызыл галстук, футболкалары да көп болуы керек. Өйткені оған қызыл түс сәттілік алып келеді. Көбіне классиканы ұнатады.


Қарашаш Есенбай: Туған күннен бөлек «адамның аты да тағдырға әсер етеді» дейді. Осы орайда, бәлкім хит әндердің ғұмырын анықтауға тырысып көрсек?! Мысалы «Оригиналсың», екіншісі: «Опмай-опмай» деген хиттарды. Ол әндердің қанша уақыт хит болатын айта аламыз ба?


Құралай Бақытқызы: Оның шыққан күндерін нақты білсек, айтып бере алатын едім. Ол үшін әнші мен әннің шыққан күндерін қарап көру сияқты.


Қарашаш Есенбай: Бәлкім, ғаламторға жүктелген күндері арқылы айтып көрерсіз. Мысалы «Оригиналсың» әні 11.12.2018 жылы шықса, «Опмай-опмай» 30.11.2018 де жарыққа шығыпты.


Құралай Бақытқызы: «Оригиналсың» деген ән мықты хит болады деп айта алмаймын, тез өшетін ән екенін сандары айтып тұр. Себебі сандары «керемет» емес. Ал «Опмай-опмай» әнінің сандары жақсы екен. «Оригиналсың» әніне қарағанда ұзақ уақыт хит болады. Қазір барлық жасын есептеп көрмедім. Бірақ алдағы 5-6 жылда халық арасында жүретін ән. Энергиясы да жақсы, адамдарға жақсы көңіл күй сыйлайтындықтан әлі бағасын жоғалтпайды деп айта аламын.


Қарашаш Есенбай: Рақмет! Әңгіме соңында біздің сайтымыздың сандары не дейтінін білгіміз келеді. Алғаш рет өткен жылдың ақпан айының бірінші жұлдызында ақпарат таратуды бастаған болатын.


Құралай Бақытқызы: Әрине, қарап көруге болады. Мүмкін болса, бас редактордың сандарымен бірге есептеуге қарсы емеспін.


Қарашаш Есенбай: (Күліп) Жарайды, ол кісінің туған күні тамыз айының жиырма тоғызы, 1981 жыл екен.


Құралай Бақытқызы: Сайттарыңыз қазір бір жаста екен, бір-екі жасы - оқу жылы. Яғни осы жылдары көбінде оқу ақпараттары көбірек ұсынылатын сияқты. Ал үшінші жылы «сатып алу» түсіп тұр. Бес жас - ең табысты жыл. Сол жылы маркетингте өзгерістер болып, серіктестер пайда болуы мүмкін. Ал, редакторға қатысты айтар болсам, ол кісінің мыңдық коды бар. Мұндай адамдарды талантты, қолына қалам біткен жан дейді. Сосын шешім қабылдағыш, өз мақсатын айқын қоятын, тура жете білетін адам. Ол кісіде 8 саны үшеу болғандықтан бойтұмар іспеттес, яғни «амулет» деп айтуға болады. Ол қызмет ететін кез келген бизнес, компания табысқа жетеді. Логикасы жақсы, шыдамды адам. Сосын Димаш Құдайбергеннің коды бар екен. Өнерде, шығармашылықта жүрсе жақсы нәтиже беретін адам екенін сандары айтып тұр. Демек, екеуінде де сәттілік көп. Сондықтан істеріңізде табыс тілеймін.


Қарашаш Есенбай: Көп рақмет, сізге де табыс тілейміз! Шынайы әрі қызықты ақпараттарыңыз үшін рақмет!


Автор: Қарашаш Есенбай

Фото: Жеке мұрағаттан және ашық дереккөздерден

ERNUR.KZ