30+: Бұл жаста әйелді қандай киімдер талғамсыз етіп көрсетеді?

0
2 613


30+: Бұл жаста әйелді қандай киімдер талғамсыз етіп көрсетеді?

Жасыңыз отыздан асса да сәннен қалмай киіну заман талабы болып тұр. Алайда, сән қуамын деп жас шағыңыздағы гардеробыңызды қайта қазбаласаңыз, қателескеніңіз. Әр заманның өзіне қарай талабы, ал талабына қарай сәні болады. Көпшілікпен араласып, қайнаған ортада жүретін болсаңыз, ал ондағы адамдар сізге мейілінше басқаша көзқараста қараса, міндетті түрде киіміңізге назар түседі. Демек, елден ерек әдемі немесе көзге жағымсыз киінгенсіз.

Ендеше, 30-дан асқанда қандай киімдерді гардеробтан шығарып тастаған жөн?


1. Бандажды көйлек


Көбіне танымал кино жұлдыздары мен әртістер киген бұл көйлекті. Беліңізді қынап, төсіңіз бен бөксеңіздегі барыңызды көрсетуге талпынып тұрады. Бандажды көйлекті кию арқылы көпшілік назарына түсемін деп ойламаңыз. Себебі, бұл стильдегі көйлектер енді сәнге айналмасы анық. Сондықтан да ұятқа қалмаймын десеңіз, гардеробыңыздан аластатқаныңыз дұрыс.


2. Ышқыры төмен шалбар


Бір кездері сәнге кіргенімен көзден тез таса болды. Себебі де түсінікті шығар. Адам денесінің қай мүсініне де қонымсыз. Ал отызды алқымдаған нәзік жанға мүлдем жараспайды. Ішіңіздегі аздаған май қатпарларының өзін айқара көрсетіп, аяғыңыздың анағұрлым қысқа көрінуіне себепкер болады.


3. Тұтастай жылтырақтан тұратын кеудеше


Бұндай стильдегі көйлектерді мұз айдынында мәнерлеп сырғанайтын спортшылар кисе жараса кетеді. Ал, күнделікті немесе кездесулерге киіп баруға жарамайды. Ұсақ жылтырақтармен көмкерілген кеудеше киіп, талғамсыз көрінбеңіз.


4. Көшірме сөмкелер


Әлемдік брендтегі қолсөмкелердің дәл көшірмесін ұстаудың қажеті жоқ. Біріншіден сапасы төмен, екіншіден көрінісі кез келген киімге үйлесе бермейді. Сөмке таңдарда түс талғамайтын түрлерін көбірек пайдаланыңыз. Шамаңыз келіп жатса, сапасы мен бағасы сай қолсөмкеге тоқталыңыз. Сіздің жасыңызға аса үлкен емес сөмкелер лайық деп біледі мамандар.


5. Былғары күртеше мен жилет


Бұл сәнмен көпшілігі керемет көрінеміз деп ойлайды. Егер былғары күртешеңіз бен жилетіңіз болса, жарасымды болғаны дұрыс. Алайда оларды бірге киіп, көпшіліктің күлкісіне қалмаңыз. Осы орайда Лариса Долинаның "Барлық жақсыны бірден киемін" деген әні ойға оралады. Бірақ, бұның сізге қатысы жоқ.


6. Қысқа қуысты, жолақ шляпа


Айналымы жалпақ, қуысы терең шляпалар ертеден сәннен қалған емес. Бүгінгі таңда да бар. Кез келген жасқа да жараса кетері сөзсіз. Ал, енді отызды алқымдаған жас келіншек жолақ шляпаңыз болса, онымен тез арада қоштасыңыз. Әрине, сәнді әрі тартымды көрінгенді қаласаңыз.


7. Жылтырап тұратын "колготки"


Көпшілікке мәлім жағдай. Жарыққа шыққанда менмұндалап тұратын "колготкиден" аулақ болғаныңыз абзал. Бұл кеңес кез-келген әйел затына жарасымсыз. Қаншалықты сәнді әрі әдемі киінгенімен, аяғыңыздағы жалтырап, бар болмысыңызды жоққа шығарып тұрады.


8. Белі жоңары джинсы "лосины"


Дәл осындай киіміңіз бар болса, қоқысқа лақтырыңыз. Бұл "лосины" талғамыңыздың төмендігін көрсетеді әрі өз жасыңызға лайық емес.


9. Туристік таңбасы бар кеудешелер


Дәс осылай спорттық үлгіде киінбегеніңіз өзіңізге жақсы. Жасыңызға да, талапқа да сай келмейді. Әлбетте, оны үйде немесе табиғат аясына шыққанда киюіңізге болады. Бірақ, күнделікті киюге жарамайды.


10. Шашыңызға тағатын әрбір аксессуарға мән беріңіз


Үлкен тастары бар резеңке байлағыштар сізге сай емес және сәннен қалған. Сонымен бірге кейбір шаш қыстырғыштардан да алыс жүріңіз.

Дайындаған: Г.Әмірәлі,

ERNUR.KZ