Оны жасартатын маскалар бар.
45 жастан соң әйелдің мойын терісіне әжім түсіп, тері салбырайтыны жасырын емес. Диета ұстау, бірден арықтау, гормондық өзгерістер де теріге осылай әсер етеді.
Не істеу керек?
Әрине, табиғат заңдылығына ешкім қарсы келе алмас. Дегенмен, үнемі жасартатын, нәрлендіргіш маскаларды қолдану арқылы терінің жағдайын жақсартуға болады. Осы тұста мына бір кеңеске назар аударып көріңіз.
Керекті заттар
- 2 ас қасық кофе тұнбасы
- 0,5-1 шай қасық камфор майы
- 2 ас қасық косметкиалық балшық
КОФЕнің пайдасы туралы айтып жатудың қажеті жоқ шығар деп ойлаймын. Өйткені, оны көпшілік жақсы білсе керек. Ал, мұндағы косметикалық балшыққа келсек, оның ақ, көгілдір, жасыл, қызғылт, қызыл, қара т.б. түрі бар. Барлығы да теріні тартатын қасиетке ие. Кез келген түстегі балшықты (дәріханадан сатып алуға болады) қолдана беріңіз.
КАМФОР МАЙЫ
Бұл тері мен шаш күтіміне арналған өте танымал және тиімді құрал. Оны безеуді, тері тыртығын кетіруге, әжімді тегістеуге, шаштың өсуін тездетуге қолданады. Оның бай құрамының арқасында ағза жасушаларын жаңартуға болады екен.
Есіңізде болсын! Камфор майын эпилепсиямен ауыратындарға қолдануға болмайды.
Сонымен, масканы дайындайық.
Жасартатын №1 маска
Балшықты қаптамасында жазылған ережеге сай сумен араластырыңыз. Қою қаймақ сияқты масса болу керек. Кофе тұнбасы мен камфор майын қосып араластырыңыз. Дайын болған араласпаны мойынға, босаңсыған басқа да дене бөлігіндегі теріге жағып, сыртынан асқа арналған пленкамен ораған дұрыс. 30-40 минуттан соң жылы сумен жуып, нәрлендіретін крем жағыңыз. Бұл масканың көмегі 2-3 апта қолданғаннан кейін байқала бастайды.
Жасартуға арналған №2 маска
Жарты шай қасық көгілдір түсті балшыққа 6-7 тамшы алма сірке суын қосады. Содан кейін азырақ қайнаған су қосып, қою ботқа сияқты масса дайындайды. Мойын терісіне жағып, 20 минут ұстаңыз, содан кейін салқын сумен жуып тастаңыз. Нәтижесінде теріңіз балғын болады, тартылады.
Мойынды жасартатын №3 маска
Жарты ас қасық косметикалық көк балшықты тура осы мөлшердегі қаймақпен араластырып, (майлылығы аз болғаны дұрыс) 1 шай қасық жүзім немесе лимон майын қосады. Дайын болған қою масканы теріге жағып, 10-15 минут ұстап, жылы сумен жуып тастау керек.
(иллюстрациялық суреттер ашық дереккөзден алынды)
А. Сәрсенбаева,
Тағы да оқыңыз:
Күзде СҰЛУЛЫҚТЫ сақтамаса, ҚЫСТА мүлде қиын болады
ТІЗЕ мен ШЫНТАҚ қарайып кетсе МЫНА әдістермен АҒАРТУҒА болады