​ӘЖІМге қарсы СУПЕР МАСКА

0
5 155

Бетіңізді кешке макияждан тазартып жуған соң, крахмалды сумен шаясыз.


​ӘЖІМге қарсы СУПЕР МАСКА

Міне, көктемнің алғашқы айы да басталып кетті. Бастан қалпақты, үстімізден қалың киімдерді тастап құлпырып шыға келеміз. Бірақ, бет терісіндегі әжімдерді «шешіп» тастай алмайтынымыз өкінішті. Оны тек маскалар арқылы кетіре аламыз.


Жасы 45-тен асқан әйелдерге де мен қолданып жүрген бұл маска ұнайтынына күмән жоқ.

Бұл масканы косметологтар БОТОКСқа теңейді

Бірақ ботокстан артықшылығы – қауіпсіздігінде.

Бұл маска «супер» деп аталады. Өйткені әжімдерді тартып, тегістеп қана қоймайды, тері түсін ағартып, жасартатынына да көзіңіз жетеді.


Құрамы: 1 дана қызанақ (помидор), 1 дана жұмыртқа, 1 шай қасық картоп крахмалы, жарты шай қасық зәйтүн майы (оливковое масло).

Қызанақтың жұқа қабығын сылып алып тастап, жұмсақ «етін» езіңіз. Жұмыртқаның сарыуызын бөліп алып, оны езілген қызанаққа қосыңыз. Ұнтақ крахмал мен зәйтүн майын қосып, бәрін жақсылап араластырыңыз.

Макияждан тазаланған бет терісіне біркелкі етіп жағып, масканы теріде 15 минут ұстаңыз.


Масканы көз айналасына жақындатпаған дұрыс

Масканы жылы сумен жуыңыз. Нәрлендіргіш крем жағып қойыңыз. Крахмалды масканы аптасына екі рет, 1-2 ай бойы қолданғанда анық нәтиже болады.



КРАХМАЛды маска

Әжімге қарсы тұра алатын келесі маска да крахмалдан дайындалады. Бұл маска үшін, 1 ас қасық банан, 1 ас қасық картоп крахмал, 1 ас қасық кілегей (сливок) қажет.

Шұңғыл ыдысқа барлық аталған заттарды салып араластырыңыз. Сабынмен жуылған бет терісіне жағып, 15-20 минуттан соң бөлме тeмпepатуpасындағы сумен жуыңыз.

Әжіммен күресу үшін крахмалды тек маска құрамына қосып қана емес, оны күнделікті бетті жуу кезінде де қолдануға болады. Ол үшін 1 шай қасық крахмалды 1 литр қайнаған бөлме тeмпeратурасындағы суға қосып араластырасыз. Бетіңізді кешке макияждан тазартып жуған соң, крахмалды сумен шаясыз.

Г. ЖҰМАДІЛДАЕВА,

ERNUR.KZ

Тағы оқыңыз:


Босанған ӘЙЕЛ АЗ УАҚЫТТА "қыздай" бола алады

БЕЗЕУден құтылудың ЕҢ ОҢАЙ тәсілі