Бетіңіздегі ДАҚТЫ кетіруге КӨК ШАЙ көмектеседі

0
9 770

Қарапайым көк шайдың бетіңізге қаншалықты әдемілік сыйлайтынын білгіңіз келе ме?


Бетіңіздегі ДАҚТЫ кетіруге КӨК ШАЙ  көмектеседі

иллюстрациялық суреттер: ашық дереккөзден

Көк шайдің адам ағзасына тигізер пайдалы әсері ертеден белгілі. Оны әртүрлі ауруларға қарсы күрес үшін пайдалану кездейсоқ емес.

Мәселен, дәл осы шәй қан қысымы жиі жоғарылап кететін жандардың мәзірінде бар. Сондай-ақ, ас қорыту жүйесінде мәселе болғанда да пайдаланып жатады. Бұдан басқа, тері күтіміне арналған түрлі заттар шығаруда да кеңінен қолданатын көрінеді. Оған кремдер, гельдер, скрабтар, бальзамдар, сусабын және тониктер кіреді. Аталған тізімдегі заттарды қолданғанда құрамынан көк шайдың бар екенін кездестіріп жатамыз.

Ал енді, көпшілікке кеңінен таныс көк шәйды үй жағдайында бет күтіміне қалай қолдануға болады. Осыған кеңінен тоқталсақ.


Көк шай бетті ылғалдандырады, ағартады, клеткаларды ашады, қалып қойған дақтарды бірнеше тонға жояды.


Әр түрлі типтегі терілер үшін көк шай маскасы


Картинки по запросу маска зеленый чай с медом


Барлық типтегі бет терісіне қолданыла беретін алғашқы маска - шай мен балдан тұрады. Ыстық суға (тек қайнап тұрған емес) 5 грамм көк шай жапырағын салып 10-15 минуттай күтеміз. Содан соң ішіндегі қалдығынан суды бөлек алып, 20 грамм балмен араластырып таза жуылған бет терісіне жағамыз. 10 минуттан соң салқын сумен жуып тастаңыз.

Бұл масканы мамандар аптасына екі рет жасап тұруға кеңес береді.


Құрғақ терілерге арналған көк шай маскасы


Беттің құрғап кетуі мен қабыршақтануын шайдың самасы арқылы арылуға болады. Көк шайдан өзге, жұмыртқаның сарыуызы мен ұн қажет.

1 жұмыртқаның сарыуызына 1 шай қасық ұн мен көк шай жапырағын салып, жақсылап араластырамыз. Пайда болған қоспаны көз айналасына тигізбей бетке жағамыз. 20 минут өткеннен кейін, арнайы косметикалық мақтамен сүртіп аламыз немесе жуамыз.

Бұл масканы 2-3 күнде бір рет жасап тұру қажет.


Майлы теріге арналған маска


Похожее изображение


Беттері үнемі жылтырап жүретін нәзік жандыларға да көк шәйдың тигізер пайдасы орасан. Қажетті жаттар: 20 грамм шай жапырағымен демделген сұйықтық, 20 мл айран және 1 киви. Аталған заттарды блендрмен немесе шанышқымен пюре күйіне дейін еземіз. Таза бетке жағып, 10 минут қалдырамыз. Содан соң жақсылап жуып тастаймыз.


Дақ пен безеуі бар теріге арналған көк шай маскасы


Похожее изображение


Косметолог мамандар безеумен күресетін жандарға күнделікті 2 кесе көк шәй ішіп тұруын кеңес етеді. Себебі, көк шәй іштегі шлактардан арылуға көмегін тигізеді. Ал, беттегі кейбір дақтар сол ішкі ағзаның бұзылуынан пайда болатынын дәрігерлер де айтады.

Ал маска үшін көк шайды демдеп, формаға салып мұздатқышқа қоямыз. Күнделікті таңертең бір мұзды алып, бетті сүртіп тұрыңыз.

Міне, қолжетімді заттардың өзімен-ақ сізді үнемі толғандыратын мәселелерден біржолата құтылуға көмектесетін маскаларда жасау жолдары осындай.

Жоғарыда айтып өткендей, көк шайдың адам ағзасына пайдасы көп. Бұл жолы беттің терісін жақсартып алсаңыз, көркіңізге айналған шашыңызды көк шәй арқылы өсіруге болатынын келесі жолы айтатын боламыз.

Дайындаған:Г.Әмірәлі

ERNUR.KZ

Тағы оқыңыз:

Аяқтан шығатын ЖАҒЫМСЫЗ ИІСТЕН бір-ақ сәтте арылу жолдары


"Кездесуде ҚЫЗДАР АСА МӘН береді" - Әрбір ЕРКЕК білуі керек кеңестер