Егер шекердің орнына ірі-ірі теңіз тұзын салсаңыз, бұл терідегі целлюлитпен күресетін қоспа шығады.
Бет терісін қалыпты түрде бір ай бойына үзбей күтсеңіз, түрлі маскалар жасап "ерткелетіп" отырсаңыз, 10 жыл бұрынғы қалпыңызға қайта келуге болады. Ол үшін мынадай маскаларды үй жағдайында жасап көре аласыз.
Майлы және қалыпты бет терісі үшін жасартатын маска
1 ас қасық ашытқы (дрожж), 1 ас қасық йогурт немесе қаймақ, 1 шәй қасық ас содасы, 1 ас қасық жылы су қажет.
Барлық қажетті заттарды араластырып, қоймалжың дайындаймыз. Дайын болған масканы бет пен мойын терісіне жағып, 15 минутқа қалдырамыз. Масканың кебуін күту шарт емес, өйткені, мұның кебуіне ұзақ уақыт қажет. 15 минуттан соң жылы сумен жуып тастайсыз. Соңынан кез-келген крем жағып қоюыңызға болады. Масканың құрамындағы ашытқы теріні терең тазартады, ал ас содасы бет терісінің қабыршақтануының алдын алады.
Қалыпты және сезімтал бет терісі үшін жасартатын маска
3 ас қасық бал, 10 тамшы лимон шырыны (майлы бет терісі үшін) немесе 1 ас қасық сәбіз шырыны (ұсақ көзді үккіштен өткізілген сәбіз де жарайды) қажет.
Бір дана қиярды жұқалап, дөңгелектеп кесіп аламыз.
Дайын болған масканы бет пен мойынға массаж жасай отырып, жағып шығамыз. Соңынан масканы жуып тастамастан бұрын, кесілген қияр тіліктерін масканың үстінен орналастырып қойып шығамыз.
15 минут шалқаңыздан жатып, масканың бетіңізге сіңгенін күтіңіз. Соңыра, жылы сумен жуып тастауға болады.
Үй жағдайында тоник дайындау
1 шәй қасық бал, 2-3 тамшы лимон шырыны (майлы тері үшін) қоспасы тазартушы құрал бола алады.
Раушан гүлінің балғын күлтелерінің де бет терісі үшін сергітуші әсері бар. Бір уыс раушан гүлінің күлтесін алып, тазалап жуып аламыз. Ыдысқа салып, үстіне 100 гр қайнаған су құямыз. 20 минуттай ыдыстың бетін жауып, тұндырамыз. Белгілі бір уақыттан соң, тұнбаның үстіне 1 шәй қасық бал, терінің күйіне қарай 2-3 тамшы лимон сөлін қосамыз.
Мақта дискісін дайын болған қоспаға (тоник) малып, бет терісін сүртіп шығамыз.
10-15 минут өткеннен кейін жуып тастаймыз.
Раушан гүлінің күлтелерінде эфир майлары бар. Бұл бет терісін жасарту қабілетіне ие.
Ағартатын маска
1 дана жұмыртқаның ағы;
1 шәй қасық тұз;
1 ас қасық глина (дәріханада сатылады);
2-3 тамшы лимон сөлі қажет.
Керекті заттардың барлығын араластырып, бетімізге жаққан соң 15-20 минутқа қалдырамыз. Соңынан жылы сумен жуып тастаймыз.
Зәйтүн+кофе маскасы
Бұл маска бет терісіндегі өлі жасушалардан арылтып, теріні ылғалдандырады.
1 шәй қасық шекер;
Жарты стакан(немесе өз қалауыңыз бойынша бұдан сәл ғана көп әлде аз қоссаңыз да еркіңіз) кофе ұнтағы;
1 шәй қасық зәйтүн майы қажет болады.
Керекті заттардың қоспасынан пайда болған қоймалжыңды скраб арқылы тазартылған бет терісіне жеңіл уқалау (массаж) арқылы жағыңыз.
Егер шекердің орнына ірі-ірі теңіз тұзын салсаңыз, бұл терідегі целлюлитпен күресетін қоспа шығады. Бірақ, бұл қоспаны бет терісі үшін пайдалану ұсынылмайды. Бұл кремді целлюлит пайда болған аймаққа, бүкіл денеге пайдалануға болады, қан айналымды жақсартады және терінің тонусын жоғарылатады.
Массаждан соң, жылы сумен жуып тастаңыз. Кофенің құрамында да эфир майы бар, ол хош иіс береді. Олар жүйке жүйесін жігерлендіруге қабілетті және мұқияттылық пен жұмысқа қабілеттілікті арттырады.
(Суреттер ашық дереккөзден)
Г. Жорабекқызы,
Тағы оқыңыз:
СҰЛУЛЫҚты сақтау үшін әйелге ең қажетті 20 кеңес
Көздің айналасындағы ӘЖІМДІ ТЕЗ КЕТІРЕТІН 5 түрлі маска