​Босанған ӘЙЕЛ АЗ УАҚЫТТА "қыздай" бола алады

0
6 327

Ол үшін сізге лимон, сарымсақ және бадам жаңғағы ғана керек.


​Босанған ӘЙЕЛ  АЗ УАҚЫТТА

Сұлу болуды әрбір әйел армандайтыны сөзсіз. Бірақ, жуырда сәбилі болып, ана атанған әйелдерге бұл тұрғыда, өзіне көңіл бөліп, сымбаты сақтауда біршама кедергілер туындайтыны шындық.


Бала босанған әйелдің ағзасында түрлі өзгерістер орын алып, әйел бастапқы сұлулығын аңсауы да мүмкін. Босанғаннан кейін дене бітімін қалыпқа келтіруге тырыспайтын әйел жоқ шығар. Сондықтан, өзіне күтім жасауды бала қырқынан шыққаннан кейін бастай беруге болады.


Ағза өзгеріске түсудің әсерінен жүкті әйелдің немесе бала босанғаннан кейін емізулі әйелдің шашы сиреп, тіпті, уыстап түсуі де жиі кездесетін жағдай. Мұндай кезде денсаулыққа және балаға да еш зияны тимейтін, керісінше, пайдасын тигізетін біршама кеңестерді ұсынамыз.


ШАШтың түсуіне САРЫМСАҚ МАСКАсы көмектеседі



Ол үшін 2 дана жұмыртқаның сарыуызы, 2 ас қасық бал және 2 ас қасық сарымсақтың сөлі қажет. Осы үшеуін бір ыдысқа салып араластырып, масканы дайындайсыз. Суланған шаштың түптерінен бастап ұшына дейін масканы мұқият жағып, сыртынан целлофан қалтасын орап қойыңыз. Масканы 20 минут бойы ұстау керек. Соңынан жылы сумен жуып тастаңыз.



БЕТтегі қара ДАҚтарды кетіру

Әйелдің бойына бала біткеннен бастап, босанғанға дейін, тіпті, бала емізіп жүрген әйелдердің де бетінде қара дақтар пайда болуы да байқалады.

Мұның барлығы да әйелдің ағзасындағы гармоналдық өзгерістерге байланысты екендігі айтылып жатады. Кейбір әйелдер беттегі қара дақты омырау сүтін жағу арқылы «жойып» жатады. Мұндай әдістің де пайдасы барын жоққа шығар алмаспыз. Дегенмен, бұл барлық әйелдерге әсер етеді дей алмаймыз. Сондықтан, оған қосымша халық емдерін пайдалансаңыз, сұлулығыңызды қалпына келтіруде жылдам нәтижеге жете аласыз.


Бадам дәнінен 100 грамын алып, қайнаған суға салып жұмсарғанын күтіңіз. Жұмсарған дәнегін алып, оны езу қажет. Оның үстіне лимонның бірнеше тамшысы мен аздаған су қосып, ботқа тәріздес болғанша араластырыңыз. Осы қоспаны бетіңізге жағып, 20 минуттай ұстаңыз. Соңынан жылы сумен жуып тастаңыз.



ТЫРНАҚтың саулығы үшін...

Босанғаннан кейін жас ананың тырнақтары да өте әлсіз болып, жұқарып, сынғыш болып кетеді. Тырнағыңызды қатайтып, сау тырнаққа жету үшін оған да күтім қажет.



Тырнақ жұқарып, сынғыш болса, парафинге салу тиімді. Мұны ұйқыға жатар алдында жасасаңыз ыңғайлы. Парафинді қолыңыз күймейтіндей температурада ысытып алып, тырнағыңыз батып тұратындай етіп саусақтарыңызды салыңыз. Суығаннан соң қолыңызға жұқа қолғап киіп жатыңыз. Таңертең тұрғанда әдеттегідей беті-қолыңызды жуып, күнделікті тіршілігіңізге кірісе беруіңізге болады.

Сонымен қатар, сөлін сығып алған лимонның қабығын қоқыс шелегіне тастауға асықпаңыз. Онымен тырнағыңызды сүртіп қойсаңыз, тырнағыңыз жылтырап, бір тегіс бола түседі.

Йодпен сүртіп шықсаңыз да, тырнақтың қатаюына үлес қосасыз. Егер күндіз бір жаққа баратын болып, тырнағым сарғыш тартып қалады деп қорықсаңыз ұйқыға жатар алдын жағыңыз. Сонда таңертең оянғаныңызда тырнағыңызда йодтың ізі қалмай, тырнағыңызға сіңіп кеткенін байқайсыз.

Картоп қайнатқан суды да төгіп тастамай, қолыңызды сол суға суығанша батырып алыңыз. Содан кейін, қолыңызды сүлгімен сүртпей, оның өздігінен кепкенін күтіңіз. Себебі, картоп қайнаған судың құрамындағы пайдалы заттар тырнаққа сіңуі керек.

Босанғаннан кейін 3-6 айға дейін шаштың түсуі, тырнақтың сынуы қалыпты құбылыс болып табылса да, одан кейінгі айларда бұл үрдіс қалыпқа келмесе міндетті түрде денсаулығыңызды тексертіп, дәрігердің қабылдауында болғаныңыз жөн.

Г. ЖҰМАДІЛДАЕВА,

ERNUR.KZ

Тағы да оқыңыз:


КРЕМДІ дұрыс жақпаса БЕТ ТЕРІСІ бүлінеді


Ағарған шашты ЖАҢҒАҚПЕН ҚАРАЙТУҒА болады