Шаш бояуын қолдан жасап ала аласыз.
Әйелдердің сұлулығы мен тартымдылығы шашқа да тікелей байланысты. Олай деуіміздің себебі жібектей шаш, өрілген бұрым, жұпар иісі аңқыған деген теңеулерден-ақ шаш сұлулығының да маңызды орынға ие екенін байқаймыз.
Ал шашты әртүрлі себептерге байланысты (мысалы шашқа ақ түссе, табиғи түсіне көңілі толмаса) жиі бояйтын ханымдар химиялық қосындысы бар бояуларды қолдануға мәжбүр. Дегенмен өз кезегінде шашқа айтарлықтай кері әсерін тигізетін мұндай бояғыштардан бас тартуға да болатынын көпшілігіңіз біле қоймассыздар.
Көптеген әйелдер әртүрлі бояғыштарды пайдаланатынын айтып өттік, ол шашқа қажетті рең мен жылтыр өң береді. Ал құрамында химиялық қоспалары көп бояуды сатып алғаннан гөрі кейбір бояғыштарды табиғи компоненттерді пайдаланып үйде өзіңіз дайындауға болатынын білесіз бе?
Мұндай бояуды өзіңіз үй жағдайында жасап алумен қоса шашыңызға тиісті күтім мен шаш саулығын сақтауға үлес қосасыз.
Ол үшін бірнеше компоненттерді атап көрсетейік:
ҚАРА КАШТАН. шырғанақтың қабығы
200 мл қайнаған суға бір ас қасық шырғанақ қабығын салып (облепиха) 15-20 минут қайнатасыз. Оттан түсіріп, сұйықтықты сүзіп алыңыз. Салқындаған сәтте таза жуылған шашқа жағып, жылы орап қойыңыз. Кәдімгі сатып алынған бояуды қалай қолдансаңыз, бұл да солай қолданылады. Жарты сағаттан кейін оны жылы сумен жуып тастау керек.
КАШТАН. Құрғақ қалақайдан жасалады
Қайнатпа үшін 2,5 литр су құйып, 400 гр қалақайды (крапива) салып қайнатасыз. Шамамен 4 сағат қайнату керек. Суға 400 гр қалақайды салмас бұрын әбден кептіріліп, ұсақталғанын таңдау керек. Дайын болған қоспасы сүзіп алыңыз. Салқындаған соң, жарты литр мөлшеріндегі сұйықтыққа бірнеше тамшы сірке суын қосады.
Осы қоспаны өзіңізге ұнайтын түс қанықтығына келгенше күн сайын құрғақ шашқа жағып отырсаңыз болады. Шашыңыз толық кепкенде жылы сумен шайып тастаңыз.
фото: mygazeta.com
АЛТЫН ТҮС. Қайың жапырағы
Мұның дайындалу рецепті құрғақ қалақайдан жасалатын сұйықтыққа ұқсас. Тек қалақайдың орнына кепкен, құрғақ қайың жапырағын (береза) қосасыз. Алынған қоспаны таза шашқа жағыңыз. Жарты сағаттан кейін шашты жылы сумен жуып тастау керек.
АЛТЫНДАЙ ЖЫЛТЫР реңк. Пияз қабығы
Қоспаны дайындау үшін 100 гр қауыздың (пияздың қабығына) үстіне бір литр ыстық су құйыңыз. Сөйтіп оны жарты сағат бойы бәсең отта қайнатыңыз. Оттан түсірген соң тұнба ыдыстың түбіне шөгу үшін тағы жарты сағатқа қойыңыз. Содан кейін ол сүзіледі. Алынған қоспаны таза шашқа жағыңыз. Ол шашты ылғалдандырады. Жарты сағаттан кейін жылы сумен жуып тастау керек.
АШЫҚ ҚОҢЫР ТҮС. Рубарб (ревень)
1 литр суға 300 гр ревеньді салып қайнату керек. Бұл қоспаны көлемі жартысына келгенге дейін қайнату керек. Қайнатпа сүзіліп, салқындатылады. Ол таза шашқа қолданылады. Жарты сағаттан кейін жылы сумен жуылады.
ҚАРА ТҮС. Ақжелкен
Қайнатпаны дайындау үшін сізге суық сумен толтырылған 1 кг ақжелкен қабығы қажет. Содан кейін оны төрт сағаттай қайнатасыз. Суыған соң, сүзіп алыңыз. Мұны шашыңыз өзіңізге қажетті түске енгенше күнделікті қолдану керек.
Дайындаған: Г.Жұмаділдаева,
Тағы да оқыңыз:
50-ден асқанда қалай ЖАС КӨРІНУГЕ болады? Қарапайым 4 ЕРЕЖЕ
Әжімнің алдын алуға арналған 7 түрлі МАСКА