Сусылдаған, әдемі шаш кератиннің әсері.
Шашқа сусылдаған рең беру үшін арулардың көбі қазіргі күнде кератинді тегістеу әдісіне жүгініп жатады. Алайда «бұл қандай әдіс?», «Оның шашқа зияны жоқ па?», «Шаштағы қалпын қанша уақытқа дейін сақтап тұра алады?» деген сұрақтардың жауабын біреу білсе, біреу біле бермеуі мүмкін.
Ендеше осы саладағы мамандардың нақтылауын айта кетейік.
Кератиннің біздің елде танымал болғанына он шақты жалға таяды. Кератин шаштың негізгі элементтерінің бірі. Оның табиғи компоненті.
Шаш құрылымын тамаша өңдеп және оның қалыпқа келуіне септігін тигізеді. Ол ең алғаш Бразилия елінде пайда болған.
Қыз-келіншектер кератинді түзетуге тек қана «бұйралау» шашты біртегіс ету үшін ғана емес, жылтыр әрі жібектей жұмсақ ету үшін осы қызметке жүгінеді.
(Суреттер ашық дереккөзден алынды)
Кератинді түзетуді химялық әдіспен шатастырып жататындар да бар. Бірақ, химиялық әдіс аты айтып тұрғандай мұнда химиялық зиянды қоспалар қолданылады. Шашты химиялық тегістеуден гөрі, кератинді тегістеу зиянсыз. Химиялық тегістеу шашты зақымдаса, керісінше, кератинді түзету өз кезегінде шашқа белгілі бір деңгейде емдеу әдісін де жүргізеді.
Кератинді түзетуді тек қана жүкті әйелдерге жасауға болмады, кез-келген жастағы әйелдерге рұқсат.
Шаш күтіміндегі маңызды шаралардың бірі кератиндік әдіске жүгіну. Өйткені, мұндай әдіс шашты сыртқы жағымсыз факторлардан қорғайды. Мысалы, жел, түтін секілді табиғи құбылыстардан да шаштың зақымдануының алдын алады, оның келеңсіз әсерінен қорғайды.
Негізінен кератиннің құрамына ешқандай химиялық қоспа болмайтындықтан, ол емдеу тәсіліне де жатады.
Шаш пен тырнақтың және терінің мүйізгек қабығының құрамына кіретін ерекше тығыздыққа ие «бүлкілдек» ақуыз. Шашқа арналған кератиннің құрамына басқа да пайдалы заттар кіреді. Оның құрамында бірнеше формулалы ақуыздар бар.
Басқаша айтқанда оны «сұйық шаштар» деп айтсақ та болады.
Шаш құрамының 90 пайызы осы кератинді тығыз ақуыздан тұрады. Сондықтан мұның шашқа ешқандай зияны жоқ. Тек өз ісінің білгір маманының қызметіне ғана жүгініңіз.
Ескерту: Шашқа кератинді түзету жасаған соң, 72 сағат ішінде жууға, үш күн бойына өруге, түюге және тағы да басқа шаш үлгілерін жасауға болмайды.
түзететін құралдың кей компонеттеріне кейбіреулерде аллергиялық реакция болуы мүмкін. Сондықтан, құрылғының құрамына байланысты көзіңіз қызарып, жас келуі мүмкін. Уақыт өте шаштың ұштары сына бастайды. Соның себебінен ұшын қиюға мәжбүр боласыз.
Егер шашыңыз тым қалың болса, процедураның нәтижесі сіз ойлағандай ұзақ сақталмауы мүмкін.
Дайындаған: Г. Жұмаділдаева,
ERNUR.KZ
Тағы да оқыңыз: